БИЫЛ КІМДЕРДІҢ МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАРЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ?
1 574
15 сәуірден бастап кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері бар Қазақстандықтардың мобильдік аударымдарын қадағалау туралы Қаржы министрінің бұйрығы қолданысқа енгізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Халық арасында «15 сәуірден бастап ақша аударымы тексерісте болады. 3 айда 100 адамнан шотыңызға қаржы түссе, сіз табыс тауып отырсыз. Демек, салық төлеп, ЖК немесе ЖШС ашып, кассалық құрылғы алуыңызға тура келеді», деген хабарлама кеңінен таралған болатын. Осы сөзден кейін-ақ қоғам дүрлігіп сала берді. Әр жерде таксистердің, дүкеншілердің мобильді аударым арқылы төлем қабылдамай, қолма-қол ақша сұрай бастады.
Расында, салық десе, сақинасы ұстап қалатын дүкен иелері мен қоғамдық көлік жүргізушілері жаппай мобильді аударымдардан бас тартты.
Бүгінде халық арасында жеңілдік пен тиімділікті көрсеткен мобильді аударымдардың басына қайтадан бұлт үйірілді. Мемлекетіміз бизнестің салығын бақылауға бұл жолы білек сыбана кіріскен секілді. Олардың айтуынша, тауар және ұсынылған қызмет үшін төлемді мобильді аударым арқылы қабылдау – бизнес иелерінің салықтан жалтарып кетуіне жол беруде екен.
Министрліктің айтуы бойынша, қазір бірнеше мобильді қосымша бар. Кәсіпкер онлайн кассалық аппараттың мобильді нұсқасын (Kaspi Pay, Halyk Pos, ForteKassa, Alfa Pay.) жүктеп алып, оны заңдық негізде пайдалана алады. Ал салық есептілігі e-Salyq Business қосымшасын енгізумен автоматты түрде пайда болады. Мұның бәрі болашақта бизнес жүргізуді оңай ету үшін жасалып отыр. Еске салайық, мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін табыс салығынан босатылған.
Шындығында, Қаржы министрінің 29 наурыздағы бұйрығымен жеке тұлғалардың мынадай санаттары бойынша мәліметтерді кезең-кезеңімен мемлекеттік кіріс органдарына беретін болады деп көзделуде:
I кезең - (2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін) –мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендер және олардың жұбайы бойынша;
II кезең - (2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін) – бюджеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайы;
III кезең - (2024 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін) – заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайы, жеке кәсіпкерлер (ИП) және олардың жұбайы;
IV кезең - (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап) – халықтың қалған санаты бойынша ақпарат берілетін болады. Біле білсек, аударымдарға емес, төлемдерге ғана салық салынады. Егер бір кәсіпкерге бір күнде 50-100 рет аударым жасаған болса, арнайы бақылау жасау арқылы анықталады. Ендігі кезекте аударым мен төлемнің айырмашылығы аударым бір реттік, ал төлем дегеніміз ол күнделікті түсетін қаржы. Десе де халықтың бір тобы «Үкімет неге дәл осы мобильді аударымдарға жабысып алды?» деп нарызылық айтқандар да бар.
Сонымен қатар,
Қорыта келе, қабылданған бұйрық жеке тұлғалардың, адал салық төлеушілердің жеке аударымдарына еш қатысы жоқ. Жеке тұлғалардың аударымына салық салынбайды.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Менің ұлым алыс сапарда жүреді күндегісін болмаса да айына 3-4 мәрте ақша аударып отырады. Сонда ертеңгі күні менің есеп-шотымды да бақылайды ма? Салық төлетіп қойса ше?», - дейді Анар Күзенбаева.
Сонымен қатар,
«Халық арасында түсініспеушілік орын алуы әлеуметтік желі арқылы, сонымен қатар Қызылорда автобус паркі, Халық такси, Жұлдыз такси компанияларына барып түсіндірме жүргіздік. Сондықтан, құрметті кәсіпкерлер арандатушылыққа бой алдырмай, уәкілетті органдардың ресми ақпаратына ғана сенуге шақырамыз»,- деді Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекішов Әділ Ерғалиұлы.