Антикордың 2 қызметкері пара алғаны үшін сотталды

452
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2 қызметкері жемқорлық үшін сотталып, бес өкілі теріс әрекеті үшін жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды  «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

"Антикор қызметкерлерінің моральдық және кәсіби келбеті мінсіз болуы керек. Қоғам тарапынан сынға себеп болмауы керек. Қызметкерлердің заңға қайшы және әдепке жат қылықтары туралы кез келген қарама-қайшылықтары менің жеке бақылауымда болады", - деді Олжас Бектенов.

Биыл агенттіктің 2 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған 142 қызметкердің бесеуі теріс әрекеті үшін жұмыстан босатылған.

"Жақын арада агенттік өз қызметкерлерінің жемқорлыққа төзімсіздігін тексеру үшін Integrity Check тетігін пилоттық сынақтан өткізеді. Біз осы ұсыныстың бастамашысы ретінде сынақты өзімізден бастаймыз. Жаңа тәсілдерді қолдана отырып, өз қатарымыздың тазалығын қамтамасыз етеміз", - деді ведомство басшысы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.