17 жастағы бойжеткен суицид жасады

1 264

Фото: istockphoto.comӨскеменде 17 жастағы студент суицид жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл оқиғаны қалалық прокуратура да растады. Ведомствоның мәліметінше, 17 жастағы студент суицид жасар алдында жазба қалдырған.

Ол өзіне бөлінбеген махаббаттан осындай қадамға барғанын жазған.

Бойжеткен толық емес отбасынан шыққан.

«Кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері көбейіп кетті, 2024 жылы өткен 22 жағдай тіркелді. Өткен жылы 7 жағдай болатын. Кәмелетке толмағандардың мұндай қадамға баруының себептері әртүрлі: туыстарымен реніштер мен оқудағы қиындықтар, сол сияқты достарымен қарым-қатынастағы қиындықтар да бар», - делінген ведомство хабарламасында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.