Телефон ұрлаған азамат мәжбүрлі еңбекке тартылды

398
Бәрі арақтың кесірі...деп бастады әңгімесін Шиелі аудандық пробация есебіндегі С., есімді азамат. Ащы суға тойып алған азамат жолдасы екеуі пәтер ұрлығын жасаған. Үй иесінің телефонын қолды қылып, ұялы телефонды бір бөтелке араққа ауыстырған. Екеуі де  полиция қызметкерлерімен ұсталып, оларды Жаңақорған аудандық соты  ҚР ҚК-нің 188- бабының 3-бөлігінің 3 тармағымен  кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап және жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекті атқаруды міндеттеген.Аудандық пробация қызметіне алынған соң, пробация инспекторлары оған жаза өтеу тәртібі мен сот жүктеген міндеттерін толық түсіндірді. Қазір бұл азамат жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр. 

«Қазір екеуміз де  кент әкімдігі айқындаған орындарда күніне төрт  сағаттан мәжбүрлі еңбегімізді атқарып жүрміз. Бұның өзі мен үшін үлкен бақыт, отбасымның қасымдамын, бас бостандығым өзімде, ендігі кезекте соттың жүктеген міндеттерін бұлжытпай орындап, пробация қызметінің қойған заңды талаптарын бағынып жазамды адал өтеп, болашақ ұрпағыма жақсы тәрбие қалдыруым керек»,- деді есептегі азамат. 
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.