Оралда үйі өртенген алты отбасы 145 мың теңгеден алады
544

Өрт 17 қазанда Өте Мусин көшесіндегі 6 пәтерлі барак типтес ағаш үйде болған. Өрт аумағы 250 шаршы метрді құрады.
"Бұл жеке тұрғын үй. Ондағы тұрғындардың бәрі қарапайым адамдар, осыған дейін ешбірінің үстінен шағым түспеген. Арасында көпбалалы отбасы жоқ. Олар өрттен аман қалған заттарын шығарып алуға көлік сұрады. Біз көмектесуге тырысып жатырмыз. Сондай-ақ, комиссия бұл отбасыларға бір реттік жәрдемақы беру мәселесін қарады", - деді Орал қалалық әкімдігіне қарасты төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Әділбек Қадыров.
Өрттен зардап шеккен әр отбасыға әкімдік тарапынан бір реттік көмек ретінде 50 АЕК, яғни 145 850 теңге төленеді.