Оқушылар қайтадан онлайн оқуға көшуі мүмкін

1 437

Оқушылар қайтадан онлайн оқуға көшуі мүмкін, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлім етті. 

Оның сөзінше, 1 қазаннан бастап Қазақстанда 764 247 ЖРВИ және 521 тұмауға ұшырау жағдайы тіркелген.

«Пандемия кезінде қалыптасқан жағдай бойынша қазір білім беру ошақтарында қашықтан оқыту (онлайн) мүмкіндігі қарастырылған. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің талабына сәйкес, бір сынып оқушыларының 20-30 пайызы ЖРВИ-мен ауырған жағдайда қашықтан оқыту жүйесіне көшіру ұсынылады. Ал, бір сыныпта ЖРВИ-мен сырқаттанушылардың үлесі 30%-дан асқан жағдайда оқу онлайн-форматқа ауыстырылады», – деді басқарма басшысы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.