"Болжамымыз позитивті": Министр Қазақстанда карантин жеңілдейтінін айтты

355
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой каратинді жеңілдетудің жаңа кезеңін енгізу жоспары туралы айтты деп жазады Sputnik Қазақстан.  

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді.

"Күн сайын аурушаңдық көрсеткіші төмендеуде, вакциналанған адамдар саны ұлғайып жатыр. Сол себепті қазіргі уақытта біздің болжамымыз позитивті. Жалпы, жағдай жақсарып келе жатқанын байқап отырмыз, ахуал тұрақты", - деді Алексей Цой.


Сонымен қатар ол елімізде вакциналау қарқыны жаман емес екенін жеткізді.

"Ең алдымен, бізге азаматтардың қауіпсіздігі маңызды. Ashyq-ты пайдаланып, спорт шараларын бастап жатырмыз, демалыс күндері "жасыл" статустағыларға жұмыс істеуге рұқсат еттік.
 Қазір басқа да секторларда осындай жеңілдіктер болады", - деп сендірді министр карантин тағы қандай жағдайда жеңілдеуі мүмкін деген сауалға жауап беріп.