Цукерберг Facebook атауын өзгертті

451
Facebook компаниясы атауын Meta деп өзгертеді, ал компанияға тиесілі бағдарламалық өнімдер атауы өзгеріссіз қалады. Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Бүгіннен бастап Meta деп аталамыз", - деді Цукерберг "метағалам" компаниясының тұсаукесері кезінде.

Сондай-ақ, ол компания логотипін таныстырды. Ол - көк Мебиус жолағы.

"Маған бұрын классикалық зерттеу ұнайтын және Meta сөзі гректің "кейін" деген сөзінен шыққан. Бұл мен үшін әрқашан басқа дүние жасауға болатынын білдіреді", - деді Цукерберг.

Оның айтуынша, жаңа бренд компания назарын "метағаламға" аударады. Онда адамдар экраннан бас тартып, виртуал шындықта болу әсерін сезінеді.

"Біз үшін Facebook емес, "метағалам" бірінші орында. Бұл уақыт өте келе басқа қызметтерімізді пайдалану үшін Facebook қажет болмайтынын білдіреді", - деп түсіндірді Цукерберг презентация кезінде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.