Элиталық балабақшаның тәрбиешісі балаларды ұрып-соққан

333
Алматыдағы элиталық балабақшаның тәрбиешісі ұл баланы ұрып-соғып, буллинг жасаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Алматылық келіншек шағымданып, қаладағы элиталық балабақша саналатын мекеменің тәрбиешісі баласына буллинг жасағанын айтқан. Сөзінің дәлелі ретінде бейнебақылау камерасы жазған 
бейнежазбаны ұсынған.

Видеода көрініп тұрғандай, шамамен 5-6 жастағы ұл бала түскі уақытта ұйықтамаған, сол сәтте тәрбиеші оны біресе күштеп төсекке жатқызып, біресе жұлқылап, басқа бөлмеге алып кеткен. Бейнежазбадан баланың қатты жылап жатқанын анық естуге болады.

Ұл баланың анасы осы оқиғаны басқа ата-аналарға ескерту болсын деген ниетпен әлеуметтік желіге жария еттім дейді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.