Бөгет қирады - полиция күдіктілерді іздеп жатыр
1 516
Шымкентте өзеннен заңсыз тас қазылған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Салдарынан гидротехникалық құрылыс нысанына зиян келіп, бетон бөгеттің шамамен 40 метрі бүлінген. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтап жатыр", - дейді әкімдік.
Мамандардың хабарлауынша, бүлінген аумақ мердігер мекеменің есебінен қалпына келтіріледі.
Жобаның кепілдік мерзімі 7 жыл.
Жалпы Бадам өзеніндегі жағдай тұрақты, өзен арнасы бақылауда, тиісті қызметтер тәулік бойы мониторинг жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта су тасу қаупі жоқ, дейді Шымкент қалалық әкімдігі.
Айта кетері, көктемде су деңгейі көтерілетіні ескеріле отырып, өткен жылы тасқын қаупін азайту мақсатында өзен жағалауы нығайтылған болатын. Жалпы ұзындығы 5,3 шақырым жағалау бекітіліп, жұмыс желтоқсан айында толық аяқталған.







