Қарағанды ​​облысында қызметкерлер қарттар үйінен 5 жыл бойы зейнетақы жымқырған - ҚМА

437
Қарағанды облысында қарттар үйінен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы жымқыру схемасы әшкере болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 5 жыл бойы қарттар үйінің қызметкерлері "Қазпошта" филиалы өкілдерімен зейнеткерлер мен мүгедектердің жәрдемақысы мен зейнетақысын алып келген.

"18 қаңтарда пәтерлердің бірінде қылмыскерлер ұрланған 1,3 миллион теңгені өз араларында бөлісіп жатқан кезде қолға түсті. Бұл ақша биылғы қаңтарға 25 зейнеткер мен мүгедекке әлеуметтік төлемге бөлінген", - делінген хабарламада.

Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.