ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА ҚУАТ!» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен аудан тұрғындары, ерікті жастар белсене қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сенбілік жұмыстары барысында орталық көшелер мен аллеялар, арықтар тазаланып, қоқыс қалдықтары белгіленген орындарға шығарылды.
Сенбілік жұмыстарына аудан орталығынан бөлек ауылдық округтердің тұрғындары да қатысып, белсенділік танытты.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Республикалық экологиялық акция "Таза Қазақстан - Таза Қуат" аясында өткен кездесуде еліміздің энергия секторының пайдасы кеңінен талқыланды.
Марғұлан Ермағанбетұлы және Еркін Темирязов сияқты танымал сарапшылар, сонымен қатар белсенді жастар энергетиканың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілері туралы пікір алмасты.
Кездесу барысында энергетика саласының маңызы, экономикалық даму, экологиялық тұрақтылық, таза энергетиканы қолдау арқылы қоршаған ортаны қорғау мен климаттың өзгеруіне қарсы күрес күшейтілу және энергетика секторында тұрақты дамуды қамтамасыз ету халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге септігі туралы айтылды.
Кездесуде айтылғандай, "жасыл" энергетикаға көшу арқылы Қазақстан жаһандық трендтерге ілесіп, экологиялық жауапкершілікті арттыра түседі.