Түркістан әкімдігінің пара алған шенеуніктері сотталды

295

Фото: Sud.kzТүркістан қаласы әкімдігінің бірнеше лауазымды тұлғасына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары мен осы бөлімнің бас маман — бухгалтері қызметтерін атқара жүріп, пара алды деп күдікке ілінген.
Сотталушылар Түркістан қаласының Отырар шағын ауданында сыртқы желілерді төсеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін ЖШС өкілінен 1,1 миллион теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.
Сот үкімімен бұрынғы бөлімі басшысының орынбасарына 73 миллион 800 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал, бөлімнің бас маман — бухгалтеріне 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот үкім заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.