Қарлы боранда үсік шалып қаза тапқан ер адамның денесі үш күннен бері табылмай жатыр

1 665

Фото: Ашық дерек көзіПолицейлер мен құтқарушылар бірнеше күннен бері ШҚО-дағы Сартау қыстауында қарлы боранда үсік шалып көз жұмған ер адамның денесін іздестіруде,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Осыдан бірер күн бұрын Шығыс Қазақстан облысында екі ер адам жолда қарлы боранда, адасып қалған. Бір адам қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша екінші адамды үсік шалған. Оны ауруханаға жеткізу үшін тікұшақ жұмылдырылған. 

"Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Бұл аймақта қар көп болуы, тіпті жол көліктеріне қиындық тудыруда. Бұл аймақты жақсы білетін бірнеше жергілікті тұрғын полицияға барды", - деді полицейлер. 

Сонымен қатар, ШҚО ТЖД іздестіру жұмыстарына қарда жүретін көлік қолданылғанын, іздеушілер шаңғы мен атпен де іздеп жатқанын хабарлады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.