Оқушылар әкімдіктер мен мәдениет үйлерінде оқып жүр
Қостанай облысының жеті мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталмай қалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Мектептегі жөндеу жұмысы аяқталмағандықтан, оқушылар мәдениет үйі, әкімдік пен балабақшалардың кабинеттеріне барып оқуға мәжбүр. Ал бұл ғимараттардың көпшілігінде балаларға жағдай жасалмаған, ыстық тамақ сататын асханалар жоқ, жылу жүйесі нашар, ал дәретханалары далада.
Биыл өңірде 108 білім беру мекемесін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз ету шаралары жасалды. Бұған жеті миллиард теңге бөлінген.
Алайда ұзақ конкурстар мен жауапкершілігі төмен кесірінен жөндеу белгіленген уақытында бітпеді.
Департамент басшысының айтуынша, мерзімі кешіктірілген күрделі жөндеу жұмыстары бойынша талап-арыздар дайындалып, сот органдарына жолданады.