65 мың адам баспана кезегінен шығып қалды

1 503

Фото: Opennews.kz ЖИӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі кезекте тұрғандарды бұдан былай тексеру қалай жүргізілетінін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

2026 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстанда тұрғын үй кезегін инвентаризациялау (жаңарту) кезінде азаматтардан дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісім сұралмайтын түзетулер күшіне енді. Бұл мәліметтерді жедел жаңарту және қандай да бір себептермен қашықтан келісім бере алмайтын немесе бергісі келмейтін (әдетте 1414 нөмірінен келген хабарламаға жауап ретінде) кезектегі адамның мәртебесін тексеру үшін қажет.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өнеркәсіп министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековтен кезекте тұрғандардың деректерін келісімсіз тексеру туралы сұралды.

Оның айтуынша, заңнамаға тиісті түзетулер 2026 жылдың жазында енгізілген. Жаңашылдық адамның мемлекеттік қолдау алу критерийлеріне сәйкестігін алдын ала тексеруге мүмкіндік береді.

"Егер тек кезегі келген адамды ғана қарастырып, барлық процедураны соған байлап қоятын болсақ, баспана бөлу кезінде көп уақыт жоғалтамыз. Біз мұны өткен жылдан бастап сезіндік, сондықтан түзетулерге бастамашы болдық және олар қабылданды", - деді Бақытжан Жүнісбеков.

Қазақстанда тұрғын үй кезегін инвентаризациялау басталғанда (кезекте тұрғандар тізімі әкімдіктерден Отбасы банкіне берілген кезде), баспанаға мұқтаж жандардың 63 пайызы ғана деректерді өңдеуге келісім берген. Қалғандары бойынша жұмыс тоқтап қалды.

Қазақстанда қанша адам тұрғын үй кезегінен шығарылды?

Комитет басшысының айтуынша, тексерулерден кейін кезек қаншалықты қысқаратынын болжау әзірге мүмкін емес. Сонымен қатар кейінгі бір жылда 64 894 адам есептен шығарылған.

"Инвентаризация аясында кейінгі бір жылда 64 894 адам есептен шығарылды. Бұл тізімге мемлекеттік қолдау шараларын алғандар да кіреді", - деп нақтылады ол.

Қыркүйек айынан бастап инвентаризацияның жаңа толқыны жүреді, ал алдағы уақытта тексерулер тұрақты негізде жүргізіліп тұрады.

Кезекте тұрғандардың жартысы деректерді тексеруге келісім бермеген

Брифингте бұған дейін Отбасы банкі әкімдіктерден 642 мың кезекте тұрған адамның деректерін алғаны айтылды. Жалға берілетін және несиелік тұрғын үйлерді бөлу кезінде банк олардан дербес деректерді өңдеуге келісім сұраған.

Алайда, 642 мың адамның шамамен жартысы ғана мұндай келісімді берген. Қалғандары сұрауға жауап бермеген.

Банктегілер бұл жағдай баспана бөлу процесін кешіктіргенін түсіндірді: бір адам деректерді өңдеуге келісім бермегенше, мамандар кезектегі келесі адамға өте алмаған.

"Келісім бермеген адамдардың, сірә, бүгінгі таңда кезекте тұруға негізі жоқ шығар. Тұрақты түрде жүргізілетін жалпы инвентаризация аясында біз ондай жағдайларды анықтаймыз және олар бойынша тиісті шаралар қабылданады", - деп түсіндірді брифингте.

Дербес деректерге қол жеткізу кезекте тұрғандарды алдын ала тексеруге және баспана бөлуді жеделдетуге мүмкіндік береді деп күтіледі.

2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап Қазақстанда есепке алу және тұрғын үй бөлу ережелері өзгерді. Атап айтқанда, Отбасы банкі азаматтардың дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісімінсіз кезекті инвентаризациялау мүмкіндігіне ие болды. Бұл кезекте тұрғандар туралы мәліметтерді өзектендіруге және баспана бөлуді жылдамдатуға тиіс.

Сондай-ақ жаңа ережелер бойынша, өзінің немесе отбасы мүшелерінің жалғыз баспанасында 50 пайыз және одан жоғары үлесі бар қазақстандықтар бұдан былай мұқтаждар есебіне тұра алмайды. Бұл ретте, өзгерістер күшіне енгенге дейін кезекте тұрғандарға бұл шектеу қолданылмайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.