ЖАЛАҒАШ МЕДИЦИНАСЫНДА ЖАҢАЛЫҚ КӨП
2024 жылы емханада барлығы – 140 541 дәрігерлік қабылдау жүргізілген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оның ішінде 46,5%-ы ауруына байланысты, 53,5%-ы алдын ала тексеру бойынша келіп қаралған. Үйге барып қызмет көрсету саны – 13 725 құрап отыр.
Скринингтік тексерулерге тұрғындар арасынан – 26576 халық жоспарланып, 93,1 % тексерулермен қамтылған.
2024 жылы ауданда барлық босану саны – 479. Демографиялық көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда туу көрсеткіші 14,8% көрсеткішті құраған.
Аудандық ауруханада хирургиялық оталарды жасауда жылжымалы рентгендиагностикалық “Radius” аппаратын қолдана отырып, травматология-ортопедиялық оталарды кіші инвазивті тәсілмен кең көлемде жүргізуде. Сонымен қатар, хирургия бөліміне Комплекс Tekno Видеоэндоскопический универсальный (лапороскопический для хирургических вмешательств) аппараты берілді.
2020 жылдан бастап аудандық аурухана құрамында оңалту бөлімі қызмет атқаруда. Аталған бөлім травматология (балалар және ересектер), кардиология, нейрохирургия, неврология (балалар және ересектер) төсек бейіндері бойынша жұмыс жасайды.
Жыл басынан берi Жалағаш аудандық ауруханасына – 4771 науқас түскен. Төсек күн жоспарының орындалуы – 109,6%.
Ағымдағы жылы ауруханада жалпы 98 хирургиялық ота жасалған.
Ауылдық денсаулық сақтауды дамыту және медициналық тексерулер қолжетімді болу үшін профилактикалық медициналық қарап тексеруге жататын нысаналы топтарға қызмет түрін жақсарту мақсатында «АВТОБУС» маркалы жылжымалы медициналық кешенімен ауданда 13 403 халық жоспарланып, оның 11 392 медициналық тексерулерден өтті. Жылжымалы медициналық кешен консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Осы «дөңгелекті емхананың» арқасында ең шалғай елді мекендердің тұрғындары кардиограмма, УДЗ, скринингтік тексерулерден өтіп, сонымен қатар дәрігерлерден кенес және ауруханаға жатқызуға, жеке медициналық мекемелерде емделуге жолдамалар ала алады.
Ағымдағы жылы ауданға барлығы 7 санитарлық автокөлік берiлсе, қыркүйек айының соңына дейін қосымша 4 дана санитарлық автокөлікпен толықтырылмақ.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында былтырғы жылы Мырзабай және Есет батыр ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, халыққа қызмет көрсетуде.
«Ақсу» мен «Шәменов» дәрігерлік амбулаторияларын газға айналдыру үшін мемлекеттен қаржы бөлініп, жеңімпаз анықталып, бүгінге күнге газдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жалағаш аудандық ауруханасы жыл соңына дейін пациенттерге арналған монитор, керуерт, наркозно-дыхательный аппараттарымен қамтамасыз етілетiн болады.