Алматыдағы жеке меншік мектепте зорланған оқушыға қатысты іс расталмады
Алматыдағы жеке мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланды деген ақпарат расталмады. Бұл туралы білім ошағының директоры полиция департаментінің берген жауабы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Бахытжан Нұрматова
Директордың айтуынша жоғары сынып оқушылары зорлық көрсетті деген баланың әкесі мұғалімдер мен мектеп басшылығына жала жауып отыр. Білім мекемесінің басшысы полицияның бұл жағдайды растамағанын айтты.
Бұл оқиғаға байланысты баланың ата-анасы шағымданған болатын. Олар ұлын жоғарғы сынып оқушыларының дәретханада пышақпен қорқытып, бірнеше рет зорлағанын айтқан.
Еске салсақ, 1-сынып оқушысының әкесі оқиғаның мән-жайы туралы айтып берген еді.