Адамдар мінген аттракцион биікте тұрып қалды
Алматыдағы демалыс саябағының бірінде адамдар отырған "Ромашка" аттракционы айналмай, биікте тұрып қалды. Саябақ әкімшілігі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Желіде оқиға кезінде түсірілген видео жарияланды. Бейнежазба сипаттамада аттракционға мінген адамдар бірнеше минут бойы көкте тұрып қалғаны айтылған.
"Қиял әлемі" саябағының әкімшілігі жексенбі, 13 сәуірде сағат 15:08-де аттракцион қауіпсіздік датчигінің іске қосылуына байланысты тоқтағанын хабарлады. Сағат 15:16-да, яғни, 8 минуттан кейін аттракционға мінгендер төмен түсірілген.