Қостанайда ер адам көлік ішінде өзін өртеп жіберді

1 441

Фото: Видеодан скриншотҚостанайлық үй ауласында тұрған көліктің ішінде отырып, өзіне өрт қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Ер адам көлікте отырған, содан кейін жанармай тәрізді сұйықтық құйылған канистрді алып шығып, көлік салонында өзін өртеп жіберді. Қызыл жалынға оранған ер адам көліктен атып шығып, өзін қоярға жер таппай жүгірді. 

Өткен-кеткенде қолда бар затпен өртті өшіруге тырысты. Жедел жәрдем оқиға орнына шұғыл жетіп, ер адам дереу ауруханаға жеткізілді. 

"Ер адам қазір жансақтау бөлімінде. Науқастың жағдайы ауыр.", - дейді  Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Өңірлік полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде ер адамның осындай оқыс қадамға баруына не түрткі болғаны анықтап жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.