Еңбек кітапшасы онлайн форматқа ауысады

1 514

Фото:© ЖИ көмегімен жасалғанЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев қағаз еңбек кітапшаларының қолданыстан шығатынын мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Вице-министрдің сөзінше, қағаз кітапшаны қолдануды тоқтататын уақыт жетті.

"Біз қағаз еңбек кітапшаларынан бас тартуды жоспарлап отырмыз. Бұл қазір ескірген формат деп есептейміз. Жасанды интеллект дамыған заманда еңбек кітапшалары да тарихта қалуы керек",- деді ол.

Қазір барлық дерек цифрландырылған. Ал жұмыс берушілер туралы мәліметтер жүйеде сақталған. Келесі жылдан бастап электронды еңбек шарттарына кезең-кезеңімен көшу басталады.

"Адам өзімен бірге еңбек кітапшасын алып жүруі немесе оның қайда жоғалғанын ойлап уайымдамауы керек. Ол жүйеде сақталуы тиіс. Жүргізуші куәлігі сияқты және басқа да құжаттар секілді",- деді Тұяқбаев.

2027 жылға қарай Қазақстан қағаз еңбек кітапшаларынан толық бас тартады деп жоспарланып отыр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.