Қазақстанда көлік құны шарықтайды

218
Теңгенің әлсіреуіне байланысты Қазақстанда көлік бағасы қымбаттауы мүмкін.  "Астана Моторс" бас директоры Бекнұр Несіпбаев осындай болжам айтты, деп хабарлайды LS.

Оның айтуынша, елдегі көлік құны доллар бағамына тәуелді. Халықаралық қақтығысқа байланысты елде сатылатын көліктер америкалық валюта өскен сайын қымбаттауы ықтимал.

"Бізде ескі бағамен сатып алынған отандық автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектердің біраз қоры бар. Ол бірнеше айдан кейін таусылуы мүмкін. Сол кезде теңге бағамына байланысты елде құрастырылған көліктердің де бағасы өседі деп күтілуде", – деп түсіндірді ол.

Владивосток (Ресей) арқылы логистикаға келетін болсақ, Несіпбаевтың айтуынша, жоспарлар әлі өзгерген жоқ. Барлығы әлемдік ойыншылардың шарттарына байланысты болмақ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.