Кафеде даяшы мен әкімшіні соққыға жыққан қызылордалық жауапқа тартылды
Қызылордадағы кафелердің бірінде даяшы мен әкімшіні соққыға жыққан әйел жауапқа тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сағат 04:30 шамасында кафеде жалғыз өзі көңіл көтеріп отырған әйелге кафенің әкімшісі мен даяшы кафенің жабылатынын айтып ескерткен. Масаң күйде отырған ол кафе қызметкерлеріне кафеден шықпайтынын, ізінше балағат сөздер айтқан. Сосын қолындағы сыра ішімдігінің бөтелкесін сындырып, өзіне қарама-қарсы тұрған даяшыға тап беріп, шашынан жұлып, оны бірнеше мәрте теуіп, дене жарақатын салған. Одан соң әкімшінің көзінен тұрып, бетін тырнап алған.