Кафеде даяшы мен әкімшіні соққыға жыққан қызылордалық жауапқа тартылды

1 584

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ks-region69.comҚызылордадағы кафелердің бірінде даяшы мен әкімшіні соққыға жыққан әйел жауапқа тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сағат 04:30 шамасында кафеде жалғыз өзі көңіл көтеріп отырған әйелге кафенің әкімшісі мен даяшы кафенің жабылатынын айтып ескерткен. Масаң күйде отырған ол кафе қызметкерлеріне кафеден шықпайтынын, ізінше балағат сөздер айтқан. Сосын қолындағы сыра ішімдігінің бөтелкесін сындырып, өзіне қарама-қарсы тұрған даяшыға тап беріп, шашынан жұлып, оны бірнеше мәрте теуіп, дене жарақатын салған. Одан соң әкімшінің көзінен тұрып, бетін тырнап алған.



«Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. ҚК-нің 44-бабы 1-бөлігінің тәртібімен  барлық  мерзімге  пробациялық бақылау белгіленген», – делінген хабарламада.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.