Мұнай нысандарын тонаған күдікті ұсталды

1 501

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: polisia.kz«Металл» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жаңаөзен қаласының полиция қызметкерлері мұнай-газ кәсіпорнының өндірістік нысандарынан жабдықтарды бірнеше рет ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен полицияға Теңге ауылында орналасқан ұңғымалардың бірінен екі шиберлі ысырманың ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Ұрланған жабдықтың жалпы құны 1,5 миллион теңгеден астам соманы құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады. 

Кейінгі тексеру кезінде оның осыған ұқсас өзге де ұрлықтарға қатысы болуы мүмкін екені белгілі болды. Жалпы ер адам кәсіпорын мүлкін ұрлаудың алты дерегіне қатысы бар деген күдікке ілінді.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Қазіргі уақытта ұрланған жабдықтардың орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ басқа тұлғалардың қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.