Қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілмек
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Мәжіліс кулуарында депутат Мұрат Әбенов қыз алып қашқандарға айыппұл салудан бөлек, қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылып отырғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ол барлық жағдайда дерлік қыз алып қашқандар жазасыз қалып отырғанын атап өтті. Оның үстіне, депутаттың мәліметінше, мұндай жағдайлардың көбі еліміздің оңтүстік өңірлерінде тіркелген.
Ол келесі аптада депутаттар ұсынылған бастамаларды екінші оқылымда қарайтынын нақтылады.
Қаз
Рус






