Полицей өз-өзіне қол жұмсады
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Балқаш аудандық полиция басқармасына аурухана фельдшерінен аудан орталығындағы пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкерінің өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Балқаш ауданында пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсаған. Ол өзінің жүрегіне қайшы тыққан делінеді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.
Ведомстводан атап өткендей, тергеу барысы облыстық полиция бастығының бақылауына алынды.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.