Полицей өз-өзіне қол жұмсады

1 611

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Балқаш аудандық полиция басқармасына аурухана фельдшерінен аудан орталығындағы пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкерінің өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Балқаш ауданында пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсаған. Ол өзінің жүрегіне қайшы тыққан делінеді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.


«Қайтыс болған азаматтың отбасында жеке проблемалары болған. Ол да қылмыстық тергеу аясында тексерілетін болады. Қазіргі уақытта істің жан-жақтылығын және объективті тергеп-тексеруді қамтамасыз ету үшін сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады департаменттен.

Ведомстводан атап өткендей, тергеу барысы облыстық полиция бастығының бақылауына алынды.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.