Қызылордада автобусқа соғылған жеңіл көліктегі 2 адам қаза тапты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылорда облысында автобусқа соғылған жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға 19 желтоқсанда «Шымкент-Самара» тас жолының Қармақшы ауданының тұсындағы бөлігінде тіркелді. «Youtong» маркалы автобусы және «Nissan» жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан жол-көлік оқиғасы болды.
Ведомство өкілдері қыс мезгілінде жолда барынша сақ болу керектігін ескертеді.
Қаз
Рус






