Қуандық Бишімбаевтың жазасын қайда өтейтіні белгілі болды
Әйелі Салтанат Нүкенованы қатігездікпен өлтірген Қуандық Бишімбаевтың әлі де тергеу изоляторында екені белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков бейсенбіде өткен брифингте Бишімбаевтың қандай жерде екенін айтты.
Төраға сонымен қатар Бишімбаев колонияға қамалғаннан кейін бұл туралы сотталушының туыстары мен барлық мүдделі тұлғаларға хабарланатынын атап өтті.
Оның айтуынша, колонияға ауысқаннан кейін Бишімбаевта 15 күндік карантин болады. Содан кейін оны тиісті жасаққа жібереді. Мұнда тәрбие жұмыстары жүргізіліп, психологпен жұмыс ұйымдастырылады.
Сонымен Теңізжан Жәнібековтың айтуынша Бишімбаев жазасын Аршалы колониясында өтейді. Бұл калония Ақмола облысында орналасқан.