Қызылордада жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды

282

Фото: pixabay.comҚызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам дене жарақатын алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 4 қыркүйекте аудан орталығы - Әйтеке би кентіндегі С.Мұқанов және Ж.Аймауытов көшелерінің қиылысында болған.

Көше қиылысында екі жеңіл көлік соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам дене жарақатын алды.

«Аталған оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Бұл бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жол-көлік оқиғасының алдын алу бағытында бөлімнің күшейтілген түрде жұмыс атқарып жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.