Қызылордада 11 жыл іздеуде болған қылмыскер ұсталды

1 769

kubnews.ruҚызылордада 11 жыл іздеуде болған қылмыскер қолға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы және Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеуден бой тасалап жүрген қылмыскерді қолға түсірді.


«ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) күдікті қатарында танылған қылмыскер 11 жыл іздеуде жүрген болатын. Оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген хабарламада.


Ведомство мәліметінше, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері қарақшылық жасап, іздеуде жүрген 39 жастағы азаматты Жетісу облысында ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Республика көлемінде өткізілген «Іздестіру» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде 4 қылмыскер және хабар-ошарсыз кеткен 3 азамат анықталған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.