Сарбазды атып өлтірген шекарашы 3 жылға сотталды

1 481

Фото: Elements.envato.comАқтөбе облысындағы Мәртөк ауданының «Қиялы» шекаралық бекетінде өз әріптесін атып өлтірген әскери қызметші Р.Байбақтин үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Байбақтинге бастапқыда «Кісі өлтіру» бабы бойынша айып тағылған болатын. Бірақ кейін қылмыстық іс аффект жағдайында жасалған өлім деп қайта бағаланды. Сот Байбақтин атқан адамның жүйелі түрде заңсыз және моральға қайшы әрекеттері аффект күйін туғызғанын анықтады. Бұл факт соттың психологиялық және психиатриялық сараптамаларымен расталды.

Сот отырысында бес сарапшының пікірі тыңдалды, олардың барлығы Байбақтиннің қылмысты күшті эмоционалдық күйде жасағанын бір ауыздан растады. Сот аффект жағдайында өлтіргені үшін кінәлі деп танып, оған үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, сотталушыдан моральдық шығын өндірілді.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.