Қызылордада ауыл әкімі екі жыл бойы заңсыз жалақы алған

491
Қызылорда облысындағы Жаңадария ауылының әкімі екі жылдан бері заңсыз түрде жалақы алып отырған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.


Әкімнің қол астындағы бірнеше қызметкер де жұмыс істемеген күндеріне айлық алған.

Ауыл басшысы мен қызметкерлер мемлекетке 2 миллион теңгедей шығын келтірді. Алайда бұл заңбұзушылық үшін ешкім жауапкершілікке тартылмаған. Өйткені құзырлы орган өкілдері әкімнің әрекетінен қылмыс белгілерін таппады. Ауыл басшысы кінәні есепшісінен көрді.



Бұл мәселе облыстағы мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кеңесінде қаралды. Артық жалақы алған әкім қызметінен босатылады.

Әкім ретінде заңбұзушылықтардың алдын алудың орнына, ЭЦҚ-ны есепшіге беріп қойдым деп айтты. Өзі жасамағанын түсіндірді. Бірақ ЭЦҚ-ны беріп қою да – заңбұзушылық. Әдеп жөніндегі кеңес жұмысынан босатуды ұсынды, – деді ҚР мемлекеттік қызмет істер агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.