Жыл соңына дейін барлық пойыздарға бейнебақылау жүйелері орнатылады

1 580

Фото: rail-news.kzҚазақстандық пойыздардың басым бөлігіне бейнекамералар орнатылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі KTK телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл шара құқықбұзушылықты азайтып, жолаушылардың заттарын табуға көмектеседі. Қазірдің өзінде 4 мың камера қойылған.

Мамандардың айтуынша, бейнебақылау камераларындағы жазбалар ситуациялық орталықта мұқият бақыланады. Вагондардағы видеолар нақты уақыт режимінде таратылады. Бұл стандартты емес жағдайларға дер кезінде әрекет етуге көмектеседі. "Қазақстан темір жолы" өкілдері бейнебақылау жақында пайда болғанына қарамастан, пойыздардағы тәртіп бұзушылық деңгейі қазірдің өзінде 21% төмендегенін атап өтті. Шағымдар саны да үштен бірге азайған. Ал ұмытылған әрбір тоғызыншы зат иелеріне қайтарылған. Ал жаңа вагондар бейнебақылау жүйесімен жабдықталған күйде келіп жатыр екен.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.