Белгісіз ер адам 29 жастағы жігітті 12 жерінен пышақтаған

1 591

Фото: @egovpressАлматы облысы Есік қаласында белгісіз ер адам 1995 жылы туған жас жігітті пышақтап өлтірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желілерде 4 шілде күні Есіктегі жанар-жағармай құю бекетінің аумағында көлікте ауызша жанжал кезінде бір ер адам екіншісіне 12 рет пышақ сұққаны туралы ақпарат пайда болды. Салдарынан 1995 жылы туған жәбірленуші сол жерде көз жұмды.


Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.


"Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.