"Қабірлер жоғалуда": Ескі зираттың орнын қазып, жаңа мәйттерді жерлеуде

347

Орал қаласының тұрғыны 73 жастағы Владимир Тимофеев пен оның ұлы Тимофей ескі православие зиратында бұрынғы ескірген бейіттердің үстіне жаңа мәйіттердің жерленіп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап. 

Олардың сөзінше белгісіз біреулер ескірген зираттарды қайта қазып, орнына мәйттерді жерлеген. 

Туысқандарымыздың бейіт бастарына келіп тұрамыз. Қыркүйектің 13-і күні келгенімізде жақын жерден жаңа қабір қазылып жатқанын байқадық. Не болғанын сұрағанымызда қазып жатқандар марқұмның туыстары бұрынғы қабір орнына өз жақынын жерлеуге рұқсат бергенін айтты. Кейін тағы осындай бірнеше жағдайларды кезіктіріп сұрағанымызда олар ештеңе түсіндіре алмады. Тіпті кейбірі өтіп бара жатқан адамның кейпін танытты. Менің ойымша, мұның соңында біреу тұр. Бейіттер "жекешелендіру" үшін иеліктен шығарылуда. Ішінде жүріп зираттар арасынан қазылған кресттер мен тастарды көруге болады”, - деді Владимир.


Тимофейдің айтуынша, бұл зират қазірдің өзінде қабірлерге толығымен толтырылған және жаңа жерлеуге рұқсаттың болуы мүмкін емес. Сонымен қатар бұған дейін де Оралда бір әйелдің өз жақындарының бейітінің орнында басқа адамдар жерленгенін көріп, таба алмағанын мысал етті.

Бұл дұрыс емес! Алдымен бәз біреулер зираттарды қиратып ұрлап, тонайды. Кейін қабірлер жоғалады. Зиратқа қарайтын басшылық неге шара қолданбайды?”- деп қосты Тимофей.


Ескі зираттарға қарайтын директор Андрей Ембатуров мәйіттің туыстарының өзі табытты қабір үстіне жерлеуге қарсылық танытпайтынын жеткізді. Сөзінше, тіпті бұған ешқандай тыйым салынбаған.

Мәйіттің туыстары бізге жүгінеді. Олардың өтініштерінен біз бас тартпаймыз. Жерлеу мерзіміне сәйкес 2005 жылдан бастап құмды топырақта бір жылдан кейін, саздақ жерде екі, үш жылдан кейін қабір ашуға рұқсат етілген. Бұрын қатаңырақ ережелер болды. Олар шартты түрде 20 жыл күтті. Кейін қабірді ашу кезінде кенеттен табыт табылса, ол ешқашан қабірден шығарылмайды. Бәрібір бұрын жерленген адамның табыты ешқайда жоғалмайды. Үстіне басқа табыт жерленуі мүмкін”, - деді ол.


Діни қызметкер Дорофей әке бір жерленген адамның орнына белгілі бір уақыт өткеннен кейін оның туысын жерлеуге болатын болса, мұндай жерлеуге рұқсат етілгенін атап өтті. Мұнда жаппай отбасылық қабірлердің барын жеткізді.

Адам жаны бір-бірімен бәрібір қабірде қауышпайды. Ең бастысы, олар үшін дұға ету керек. Ата-аналар күнінде зират басына келіп ішімдік ішу емес”, - деп қосты Дорофей әке.


Зират директорының айтуынша, зираттан орын тегін беріледі. Қаза болғандардың туыстары қазушы жалдауына да болады.