Көпбалалы ананы пойыз басып кетті

1 717

Фото: freepik.comАқмола облысында көпбалалы ана пойыздың астына түсіп, қаза тапты. Бұл жағдай 10 маусымға қараған түні Аршалы ауданындағы Анар теміржол вокзалы маңында орын алған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Полициясы басқармасы қайғылы оқиғаны растады.

"Астана станциясындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.

Желіде 62 жастағы әйелдің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Бейресми ақпарат бойынша, әйел туыстарына "Мені іздемеңдер, кетіп қалдым..." деп жазылған хат қалдырған. Марқұмның ауылдастары шарасыз әрекетін оның ауыр сырқатымен байланыстырады. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.