Уақыт ауысуына байланысты қазақстандықтардың туған күндері өзгеріп жатыр

1 704

Фото: Stan.kzБірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң көп қазақстандықтардың цифрлы құжатындағы туған күні өзгеріп кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


eGov.kz сайтында және қолданбасында, сонымен қатар белгілі банктердің бірінде "Цифрлық құжаттар" бөлімінде қазақстандықтардың туған күні бір күнге артқа шегерілген.


Бұл өзгеріс Астана, Алматы, Шымкентте және еліміздің тағы 12 облысында сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыған күннің ертеңінде байқалды. Жеке куәлікте,жүргізуші куәлігінде немесе төлқұжатында туған күні өзгергені белгілі болды.


eGov.kz-тің мәлімдеуінше, мәселе "Құжаттарды жаңарту" батырмасы арқылы шешіледі. Жаңарту батырмасын бірнеше рет басу қажет. Бұған қоса қолданбаңызды жаңарту ұсынылады.

Сонымен қатар "Kaspi.kz" қолданбасы Цифрлық құжаттар" бөлімінде бүгін 15:00-ға дейін сервис қайта істейтіні туралы ақпарат берген.