ДСМ карантиндік шектеулерді қашан жеңілдететінін айтты

388

Фото: pixabay.comЖақында еліміз коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "жасыл" аймаққа өткен болатын. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі елдегі карантиндік шектеулер қашан жеңілдетілетінін айтты.


Қазақстанның "жасыл" аймаққа өтуі елде жақын арада карантиндік шектеулерді жеңілдетуі мүмкін екендігін аңдатады. 


Десе де министрлік шектеулерді жеңілдету үшін бірқатар шарттар орындалуы қажет екенін алға тартты.


Нақтырақ айтсақ, еліміз осы аптаның аяғына дейін, яғни қатарынан бес күн бойы "жасыл" аймақта қалуы тиіс. Сонда ғана шектеулерді жеңілдету мәселесі қаралатын болады.


 "Егер бес күннің ішінде Қазақстан территориясындағы жағдай тұрақты болса, карантиндік шектеулерді жеңілдету мәселесі қаралатын болады", - дейді денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.