Дәрігерге кеткен ер адамның денесі өзеннен табылған

1 519

Фото: Azh.kzАтырауда 9- шы қаңтар күні дәрігерге барамын деп үйінен шығып, жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровтың денесі өзеннен табылған,- деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28- ші қаңтар күні ер адам шамамен екі метр тереңдіктен, бұрын оның жеке заттары табылған жерден 100 метр қашықтықта анықталған. Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Басылымның хабарлауынша, Талғат Назаров Атырауға Қоқарна ауылынан келген. Туыстарының айтуынша, ол дәрігердің кеңесін алу үшін қалаға жол тартқан, алайда үйіне оралмаған. Бірнеше күннен кейін Жайық өзенінің жағасынан оның ұялы телефоны мен бас киімі табылған.

Жоғалған адамды іздеуге құтқарушылар, полицейлер, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және еріктілер жұмылдырылған. Құтқарушылар өзен жағалауын және түбін тексеріп, сүңгуірлік жұмыстар жүргізді, суасты дронын және ұшқышсыз аппаратты қолданды. Іздеу жұмыстарына қатты ағыс, су астындағы көрінудің төмендігі және күрделі гидрологиялық жағдайлар кедергі келтірген.

Ер адамның қаза болу себептері анықталып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.