Қоғамдық орындарда түкіргендер үшін 17 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған

3 492

Елімізде қоғамдық орындарда түкіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.


Елорданың өзінде көшеде жүріп, түкіргені үшін мыңнан артық адам жазаланған. Оларға жалпы сомасы 49 миллион теңгеге айыппұл салынған.


Полицейлердің мәліметінше, көшеде түкіретіндер әсіресе базарлардың маңында жиі кездеседі. Көбі автокөлік тұрақтарында немесе аялдамаларда көлік күтіп тұрған азаматтар екен.


Тіпті саябақтарда ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып түкіретіндер көп. Полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзғандадың барлығын бейнебақылау камералары арқылы анықтап, жауапкершілікке тартуда.


Айта кетсек, қоғамдық орындарда түкіргені үшін немесе белгіленбеген орындарда қоқыс лақтырған үшін 17 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Құқық бұзушылық қайталанса, айыппұл сомасы екі есе өседі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.