Мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев өмірден озды

167

Мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев өмірден озды, - деп хабарлайды “Opennews.kz” 


Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген.  

1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын "Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау" мамандығы бойынша бітірген. 


Еңбек жолын Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысы болып бастаған. 

Әр жылдары Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары басқармасында экономист, ҚазССР қаржы министрлігінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары, Президент аппараты бөлімі мен министрлері кабинетінің істер басқармасының қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі қызметтерін атқарған. 


Сондай-ақ Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облысының әкімі болған. 


Одан бөлек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, премьер-министрдің орынбасары, Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қаржы министрлігінің вице-министрі - кедендік бақылау комитетінің төрағасы, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі сынды лауазымды қызметтерді атқарған. 


Ол 2020 жылдың 10 ақпанынан 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін Жамбыл облысының әкімі болып қызмет етті. Осыдан кейін Бердібек Сапарбаев зейнеттік демалысына шықты. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.