Құны 8,5 млн теңге: Келіні енесінің алтындарын ұрлап, құмар ойындарға жұмсаған

1 537

Фото: Polisia.kzТүркістанда полицейлер пәтер ұрлығы дерегі бойынша тосын жағдайға тап болды. Ұры пәтер иесінің келіні болып шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арыздана отырып, өз үйінен алтын бұйымдары мен қаражатының ұрланып жатқанын хабарлаған.

Полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жәбірленушінің келінін де тергеген. Нәтижесінде енесінің бағалы бұйымдарын келіні қолды қылғаны анықталды. Ол биыл мамыр айынан бері үйден түрлі мөлшердегі алтын әшекейлер мен қолма-қол ақшаны жасырын түрде ұрлап келген.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 8 500 000 теңге болған. Күдікті ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны түгелдей құмар ойындарына жұмсаған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.