Көпқабатты үй маңынан әйелдің мәйіті табылды

1 802

Фото: lada.kzАқтауда көпқабатты үй маңынан әйелдің мәйіті табылды. Белгісіз әйелдің денесін сол үйдің тұрғындары тапқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.


№24 тұрғын үйдің тұрғындары әйелдің денесін 12 мамыр күні таңғы сағат 09:00 шамасында байқаған. Ол етпетінен жатқан.


Тоғыз қабатты үй тұрғындарының айтуынша, әйел шамамен 50 жаста көрінеді, ол бұл үйде тұрмаған және оны тұрғындар танымайды. Адамдар көмек сұраған дауысты естімеген.


Өлімнің себебі әлі белгісіз. Оқиға орнында қан ізі табылмаған. Қазір учаскелік инспектордың үй-үйді аралап тексеріп жатқаны атап өтілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.