Желіде ауруханада болған төбелестің видеосы тарады

1 596

pixabay.comЖеліде Арқалық қаласындағы медициналық мекемеде келуші мен дәрігердің төбелескені түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Видеоны Telegram-дағы Egov.press арнасы жариялады. Бейнежазбадан жанжалдан кейін медициналық мекемеге келген адам дәрігерге жұдырық ала жүгіргенін көруге болады. Дәрігер де төбелесе жөнелген. Оларды кабинеттегі адамдар ажыратқан. 

Жазбада видеода түсірілген жағдай Арқалық ауруханасында болғаны айтылған. 

Бұл жағдайға Қостанай облысының полиция департаменті өкілдері түсініктеме берді. Полицейлердің мәлімдеуінше, жанжал былтыр наурызда болған. 

"Дәрігер мен келушінің арасында жанжал туындап, екеуі бір-біріне дене жарақатын келтірген. Қалалық соттың шешімімен дәрігерге қатысты материал құқықбұзушылық белгілерінің жоқтығынан тоқтатылды", - деді департамент өкілдері. 

Полицейлердің мәліметінше, емдеу мекемесіне келген адамға 36 225 теңге айыппұл салынған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.