Жүкті әйел iPhone мен ұшақ билеті үшін әлі туылмаған сәбиін сатқан

188

Шу облысы ІІББ мәліметінше, Ыстық-Ата ауданында баланы сату дерегі анықталған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Жүктілігі сегіз айлық 25 жастағы әйел баласын Б.Ф-ға сатуға келіскені белгілі болды.


"Әлі тумаған баланы әйел 100 мың сом, iPhone 12 және Ресейге ұшатын әуе билетіне сатқысы келген. Сонымен қатар, сатып алушы бала туғанға дейін С.З-ны қамтамасыз етуі керек еді. Баланы сатып алмақ болған Б.Ф. Ыстық-Ата ауданының жалпы дәрігерлік практика орталығы қызметкерімен сөз байласқан. Олар Б.Ф. жүкті екені туралы жалған айырбастау картасын жасады. 20 мамырда С.З. қыз туды. Полиция қызметкерлері баланы сату туралы келісімнің жолын кесті. Сатып алушы мен баланың анасы полицияға жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.