Депутат қай әрекет сталкинг болып есептелетінін түсіндірді

1 508

Фото: PixabayМәжіліс депутаты Снежанна Имашева қай әрекет сталкинг болып есептелетінін түсіндірген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

«Егер бір-екі хабарламаның өзінен үрейленіп немесе мазаңыз қашса, бірден полицияға жүгіну қажет. Оның сталкинг немесе жай ғана орынсыз әрекет екенін полиция анықтайды», – деді Снежанна Имашева.

Депутаттың сөзінше, мәселе тек хабарлама немесе қоңыраудың өзінде емес, сталкердің «жоқ» деген жауап алғанына қарамастан, жәбірленушімен байланыс орнатуды тоқтатпауда жатыр.

«Егер адам сізге бір-екі рет сөйлесуге ұсыныс айтса, бірақ сіз оған нақты түрде "жоқ" деп айтсаңыз, ол соған қарамастан байланысты үзбей, мазалай берсе, мұны да сталкинг деп бағалауға болады. Мұндай жағдайда да полицияға жүгінуге болады», – деп түсіндірді Мәжіліс депутаты.

Снежанна Имашеваның айтуынша, полиция мұндай әрекетке құқықтық баға беруі тиіс.

«Адам байланысты тоқтатуды сұрағаннан кейін де жалғасатын кез келген қарым-қатынас сталкингтің белгісі болуы мүмкін. Егер мұндай әрекеттерден кейін сіз қорқып, мазасызданатын болсаңыз немесе жайсыздық сезімі туындаса, полицияға жүгіну керек. Біріншіден, ол адамға қарым-қатынасты жалғастырғыңыз келмейтінін ашық айту маңызды. Егер содан кейін де қудалау жалғасса, оған міндетті түрде назар аудару керек», – деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.