Зейнетке кімдер ерте шыға алады?
1 690
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетке кімдер ерте шыға алатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Азаматтардың зейнетке ерте шығуы - маңызды мәселенің бірі. Себебі көпбалалы аналар, мүгедектігі бар балаларды асырап отырған ата-аналар бар, олар зейнетке ерте шығу мәселесін көтереді. Сондай-ақ, зиянды жағдайда жұмыс істеп жүрген азаматтар 50-55 жастан бастап зейнетке шығуы да бар. Бұл халықаралық деңгейде шешімін тапқан сұрақтар. Егер зейнет жасына келіп, жұмысынан шықпай, әрі қарай жұмысын жалғастырса, оның зейнетақысын төлемей бюджетте қалдырып, зейнетке ерте шыққысы келетін азаматтарға соны төлеуді қарастырылып жатыр»,- дейді Жақыпова.
Министр атағандай, азаматтардың кем дегенде 25 жыл еңбек өтілі болуы керек.
«Мәселен, 20 жастан бастап еңбекке кіріскен азаматтың 25 жыл еңбек өтілі болса, ол зейнетке 45 жаста шыға алады. Бірақ оның зейнетақысы 100 мың бооуы мүмкін. Ал зейнет жасына жеткен адамның зейнетақысы 200 мың болуы мүмкін. Қазақстан 1998 жылдан бастап зейнетақы төлеу жүйесіне көшті. Сондықтан 25 жыл бойы төлемдер түсуі керек. Сонда олар ерте шыға алады»,- дейді Жақыпова.