"Есірткіге отырғызып, видеомен бопсалаған": Бір топ адам 17 жастағы қызды бірнеше жыл бойы зорлады деген күдікке ілінді
Алматы облысында бір топ ер адам 17 жастағы қызды үш жыл бойы ұрып-соғып, есірткіге отырғызып, зорлады деген күдікке ілінді. Мұны қоғам белсендісі Ақма Басирова мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қаскелеңде 14 жастан бастап қызды бірнеше ер адам қорқытып көлікке отырғызып, есірткіге тәуелді етіп, видеомен қорқытқан көрінеді. Басированың айтуынша, оны есірткіге масайтып, содан соң зорлап, видеоға түсірген. Одан кейін бопсалау арқылы оған қалаған нәрсесін жасататын.
Күдіктілердің жасы – 18 бен 40 жас аралығында. Қыз барлығын танып, көрсете алыпты.
Белсенді әйел тергеушіні талап еткен. Өйткені күдіктілер мен полицейлер құшақтап амандасып, бір-бірін танитын болып шыққан.
Сонымен қатар күдіктілер қызды жаман атты қылып, үш жыл бойы жезөкшелікпен айналысты деген қауесет таратқан дейді ол.
Күдіктілердің бірі қамауға алынды.
Аталмыш жағдайдан соң мектеп директоры күдікке ілінген мектеп меңгерушісін жұмыстан шығаруға уәде берді.
“Аталған факті 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау бойынша қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша аудандық ішкі істер органдарына дереу тіркелді.
Полиция қызметкерлері аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен Алматы облысының 22 жастағы азаматын анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Алматы облыстық полиция департаменті бастығының жеке тапсырмасымен арнайы жедел іздестіру тобы құрылып, іс бойынша жан-жақты, толық және объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар сараптамалық тексеріс тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Соңғы процессуалдық шешім қабылдау үшін жәбірленуші тараптың барлық дәлелдері тексеріледі”, – деп мәлімдеді полиция департаменті.